Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда жоғалған ер адам әлі табылмады

Екібастұзда жоғалған ер адам әлі табылмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазаннан бастап Екібастұз қаласының Полиция басқармасы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Покотиленко Денистің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Полицияға жоғалған адамның жұбайы 13 қазанда сағат 09.00 шамасында оның жұбайы Екібастұз қаласының М.Жүсіп көшесі, 42 үй мекенжайынан шығып, қайта оралмағаны туралы өтініш білдірді. Полиция барлық аумақтық бөлімшелерге, сондай-ақ жақын маңдағы аймақтарға бағытталған бағдар жасады. Бағдарлар бүкіл қала мен ауыл бойынша жапсырылды, “Оларды полиция іздейді” стендтерінде, оның ішінде полиция пункттерінде және адамдар көп жиналатын орындарда (дүкендерде, автобус аялдамаларында, базарларда және ауылдық әкімдіктерде) ақпарат орналастырылған, сондай-ақ облыстың әлеуметтік желілері мен БАҚ-дарында жарияланған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 40-қа жуық бейнебақылау камерасын қарады.

– Полиция қызметкерлерінен басқа, іздестіруге “Vita” ЕІТ, “Легион 14” ІГЖ еріктілері және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары белсенді қатысады. Күн сайын іздестіру жұмыстары жалғастырылып,барлық нұсқалар пысықталуда. Ер адамның туыстарымен және таныстарымен әңгімелер жүргізілді. Шатыр және жертөле бөлмелері, азаматтардың көп жиналатын орындары, ойын-сауық және көңіл көтеретін орындары тексерілді. Қонақ үйлер, жалдамалы пәтерлер, компьютерлік клубтар, сауда орталықтары, шаруа қожалықтары, қараусыз қалған ғимараттар, құрылыс алаңдары, саябақтар мен скверлер, кәріздер, гараж қоғамдары тексерілді. Қоғамдық көлік жүргізушілеріне, такси жүргізушілеріне және жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғалармен сауалнама жүргізілді. Бүгін біз саяжай мен дала массивтерін тексереміз. Кез келген ақпаратты полиция тексереді, – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Полиция егер сізде жоғалған Покотиленко Денистің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, “102”, 8 (7187) 75-06-06, 75-05-45 телефон нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Айта кетейік, Денис Юрьевич Покотиленко, 28.05.1988 жылы туған, бойы 170-175 см., дене бітімі орташа келген, шашы қысқа. Ол қара түсті күртеше (куртка), қара қалпақ, қара шалбар, қара түсті аяқ киімде (кроссовки) болған. Өзімен бірге ұялы телефоны мен сұр түсті рюкзагы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру