Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізуші жауапкершіліктен жалтару мақсатында жолаушы орындығына ауысып, көлікті өзі басқармағанын айтқан. Алайда полицейлер оның жеке басын анықтау кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін байқады.

Жүргізушіге жүргізілген наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйде көлік басқару – адам өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер екенін естен шығармаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру