Ақтөбеде жол апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды
Ақтөбеде жол апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қараша күні сағат 15.40-та ресейлік есепте тұрған «Lada Kalina» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Арынов көшесіндегі «Домострой» СҮ қарама-қарсы жерде 74 жастағы зейнеткерді қағып кетті.
ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан Ақтөбе қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасында көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 152 ЖКО тіркелді, онда 14 адам қаза тауып, 141 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырады.