Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тағы бір көкек ана қамауға алынды

Түркістан облысында тағы бір көкек ана қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Виртуалды махаббат ханшайымын қолға түсіру операциясын жүргізген Төлеби аудандық Пробация қызметінің бастығы Асқар Қамбарбаев өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Төлеби ауданының тұрғыны 2020 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 419-бабы 2-бөлігімен (Қылмыс жасағаны туралы көрнеу жалған сөз жеткізгені үшін) екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болып, 2021 жылдың шілде айынан бастап Төлеби аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрады.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын көкек ана, өзін виртуалды махаббат ханшайымы санаған әйелдің бірі. Пробация қызметкерлерінің жүйелі жұмысының арқасында қамауға Юлия есімді азаматша қамауға алынды. Бұдан басқа Төлеби аудандық ПҚБ-нің тексеру барысында соталған азаматша үйінде болмауы, шақыруға келмеуі, ғаламтор арқылы танысқан жігіттерден қарызға ақша сұрап, оны кері қайтармағаны анықталған.

Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын Юлия жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып іздеу жарияланған болатын.

– Іздеу жарияланған әрбір қылмыскерді құрықтау біздің міндетіміз. Себебі, олар жазадан қашып тағы бір қылмыс жасаудың алдын аламыз. Бұл Юлия есімді азаматша 2020 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған болатын. Бұл азаматша Төлеби аудандық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні-ақ, өзінің құқықтары мен міндеттері жайында түсіндіріліп, тәртіпке бағынбаған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы алынып, қамауға алынатыны ескертілген болатын. Алайда, бұл азаматша жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамай, асырауындағы баласынан бас тартып, ажырасу барысында туған ұлын әкесіне қалдырып кеткен. Отбасының ұйытқысы болып, баласын тәрбиелеудің орнына, әлеуметтік желі арқылы жігіттермен «тұрмыс құрмаған» жас қыз болып танысып, сөйлесе келе олардан ақша сұрап, алаяқтық жолмен ақша тауып оңай олжаға кенеліп жүрген. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, жазадан қасақана жалтарғаны үшін Төлеби аудандық сотының қаулысымен іздеу жарияланып, нәтижесінде бас бостандығынан айрылып, қамауға алынып, пробация қызметімен аудандық сотқа бас бостандығынан шектеу жасасының күшін жою бойынша ұсыныс жолданылды, – деді Асқар Қамбарбаев.


Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған алты адамға іздеу жариянған болатын. Олардың үшеуі қамауға алынды. Қалғандарын әлі де іздестірудеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру