Ақтөбеде жол апатына себепкер мас жүргізуші қамалды
Ақтөбеде жол апатына себепкер мас жүргізуші қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазан күні сағат 23.35-те «Toyota Camry» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде 312-атқыштар дивизиясы бойынша Ә.Молдағұлова көшесі жағынан қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Lada Кalina» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Соққыдан «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі бағытын өзгертіп, көрші қозғалыстағы «Hyundai Accent» автокөлігіне соққан.
ЖКО салдарынан «Lada Kalina» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Ақтөбе қаласы медициналық ауруханасына түсті. «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көптеген жүргізушілер алкогольдік масаң күйде көлік жүргізеді, аталған деректері бойынша жыл басынан бері ҚР ҚК 346-бабы негізінде 122 дерек тіркелді.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті тағы да барлық жүргізушілерге ескертеді: көлікті мас күйінде жүргізу тәртіп бұзушының өзіне де, сол кезде онымен бірге жолаушыларға да қауіп төндіреді. Алкогольді ішкеннен кейін рульге отырмаңыз.