Түркістан полицейлері жоғалған 2 жасөспірімді ойын алаңынан тапты
Түркістан полицейлері жоғалған екі жасөспірімді ойын алаңынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласы ПБ-ға таңғы сағат 14:00 шамасында жергілікті тұрғын әйел алты жасар баласы мен сегіз жасар баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып арызданған. Сондай-ақ әкесінің өз баласын іздеп жүргеніне бірнеше сағат болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.
Түркістан қаласы ПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қала көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде түнгі сағат балаларды 5 шақырым жердегі балалар ойнайтын алаңда ойнап жүрген жерінен тапты.
Белгілі болғандай жоғалған ағалы-інілі бауырлар түнгі уақытқа дейін ойын алаңында ойнап жүре берген. Сондай-ақ балалардың ата-аналары Түркістан қаласына жақында көшіп келгендерін айтып және балаларының бұл аймақты толық білмейтінін айтты.
Қазіргі таңда жоғалып кеткен балалар ата-аналарына қайтарылды. Балаларымен аман есен қауышқан анасы, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдірді.
– Балаларымның із-түзсіз жоғалып кеткеніне төрт сағаттай болды. Ары іздеп бері іздеп таппаған соң полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын! ,- деді анасы.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.