Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізуші анықталды
Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында А.Байтұрсынов көшесінің бойында Nexia маркалы автокөлікті тоқтатты.
Тексеру барысында автокөлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарғаны анықталған. Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Өткен тәулікте атқарылған жұмыс барысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарған екі жүргізуші анықталды.