Ақтөбеде ЖҚЕ бұзған жүргізуші полицейге пара ұсынған
Ақтөбеде ЖҚЕ бұзған жүргізуші полицейге пара ұсынған, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін Ақтөбе қаласының көшелерінің бірінде 50 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2115 автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершіліктен қашып, полицейлерге пара ұсынған.
Қызметтік борышын орындау барысында полиция қызметкерлері ақшадан бас тартты. Полицейлер сыбайлас жемқорлық дерегі туралы тікелей басшылыққа және Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, тергеу амалдары жүргізілуде.