Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері екі аптаның ішінде тіркелмеген 20 қаруды тәркіледі

СҚО полицейлері екі аптаның ішінде тіркелмеген 20 қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тіркелмеген қару – қауіптің көзі. Бұндай қару сақтық шараларынсыз сақталады және жазатайым оқиғаға себепші болуы мүмкін. Ол қолды болып, қылмыста пайдаланылуы да ықтимал. Үш баланың әкесі Қызылжар ауданының 37 жастағы тұрғыны тіркелмеген қаруды қолжетімді жерде – моншаның ауыз бөлмесінде сақтаған. Бұл фактіні үй-жайды аралау кезінде учаскелік полиция инспекторы анықтаған. Ауыл тұрғынының сөзіне қарағанда, ол қаруды өткен жазда шөп шабу кезінде тауып алған. 16 калибрлі сыңар ауыз аңшы мылтығы алынып, сараптамаға жіберілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жинастырылды.

– Бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру – заң алдындағы жауапкершіліктен босатады. Сондай-ақ, осылайша сіз өзіңізді және жақындарыңызды тіркелмеген қарудан келетін қауіптен қорғайсыз, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. 

СҚО-да “Қару” акциясы шілденің 14-нен 27-не дейін өткізілді. Әкімшілік полицияның қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге қару иелерін тексеріп, заңсыз сақтау фактілерін анықтады. Акцияның екі аптасында облыста 17 тегіс ұңғылы қару, 1 иір ойықты, газды және травматикалық қару алынды.

Айта кететіні, тегіс ұңғылы және травматикалық қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру