Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды
Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуірде түнгі сағат 03:00-де Ақтөбеде жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.
Бетперде киген екі белгісіз адам пластикалық терезені бұзып, ЖШС ғимаратына заңсыз кіріп, күзетшіні монтировкамен ұрып, оны байлап тастаған. Әрі қарай болгарканың көмегімен сейфті ашып, 730 мың теңге сомасында ақша ұрлаған.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері 22 және 29 жастағы екі азаматты ұстады. Олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша қылмыс құралдары мен қаражат тәркіленді. Күдіктілердің бірі осы мекемеде бұрын жұмыс жасағаны анықталды. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамауға алынды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-тармағының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.