Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері алаяқтық қылмысының бетін ашты

Алаяқтық қылмысының бетін ашқан Екібастұз полицейлеріне ресейлік азаматша алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының азаматы алаяқтың құрбаны болған. Белгісіз адам оған алаяқтықпен 4 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірді. Пвлодарлық полицейлер қаскүнемді анықтап, ұстады. Ол Екібастұз қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнем ақша аударымдары арқылы қаражатты иемденген.

– Мен, Ресей Федерациясының азаматы Эльвира Исупова. Қазақстанның барлық полициясына зор алғысымды білдіргім келеді. Астана қаласында, Павлодар қаласында және Екібастұзда барлығы менің ісіме қатысты жұмыстар жүргізді. Мен ақшамды қайтарып алуым екіталай деген йда жүрген едім. Бірақ полицейлер алаяқтық қылмысын бір күнде ашты. Мен тіпті қалай алғыс білдірерімді білмей тұрмын. Ұқыптылық, мейірімділік, жанашырлық, түсіністік үшін полицейлерге көп рақмет. Қазақстанның барлық полициясына, атап айтсам Екібастұз полициясының қызметкерлеріне, тергеуші Темірлан Оспановқа және жедел уәкіл Рымбек Әділхановқа рақмет, – деп жазылған хатта.

Полиция аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру