Ақтөбеде жүк тасушы 5 млн теңгені құрайтын тауарды ұрлап кетті
Ақтөбеде жүк тасушы бес миллион теңгені құрайтын тауарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №1 полиция бөліміне тауарларды тасымалдаумен айналысатын ЖШС аймақтық директорынан 11-12 маусымға қараған түні қоймадан жалпы сомасы бес миллион теңгеден астам сомаға тауарлық-материалдық құндылықтары бар 24 тауар ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері осы ЖШС-нің 44 жастағы жүк тасушыны анықтап, ұстады. Ол алтын бұйымдар, ұялы телефондар және компьютерлік жинақтауыштары бар тауарларды ұрлаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қоймалардағы ең көп таралған техникалық бақылау – бұл бақылау камералары мен камераларды басқару датчиктерінің құрамындағы бейнебақылау жүйесі. Мұндай жүйенің негізгі міндеттері қойманың күзетілетін аймағын бақылау, күзетілетін аймаққа персоналдың немесе бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруін анықтау және, ең бастысы, аймақтағы адамдарды сенімді сәйкестендіру болып табылады.