Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда тонаушы қыздың телефонын тартып алмақшы болды

Мақтааралда тонаушы қыздың телефонын тартып алмақшы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші жас қыздың айтуынша, Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі көшелерідің бірінде түнгі сағат 01:35 шамасында өзінің шаруаларымен келе жатқан. Осы сәтте белгісіз адам құны 80 мың теңге тұратын «Samsung Galaxy А51» маркалы ұялы телефонын тартып алуға оқталып, қылмыстық іс-әрекетін соңына дейін жеткізе алмай, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Оқиға орнына Мақтаарал АПБ тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы жіберілді. Күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алып, ашық түрде тұрғынды тонамақ болған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, жәбірленуші қыздың түнгі ауысымда жұмыс жасайтын құрбысы жанына келуін сұраған. Осыған байланысты жаяу келе жатқан сәтінде бейтаныс адам өзіне күш көрсетіп, ұялы телефонын тартып алмақ болған. Алайда бөтен бірнеше адамның келе жатқанын көріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру