Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды

Қызылорда облысында сот төрелігінен жасырынып жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы ер адам кісі өлтірді деп айыпталуда. 2018 жылдың күзінде Қызылорда қаласынындағы Яссауи мен Бөкей хан атындағы орталық көшелердің қиылысында, “Гелиос” жанармай бекетіне қарама-қарсы тұста түскі уақытта өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінен кеуде тұсынан екі оқпен атып өлтірілген елорда тұрғыны табылды.

Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады. Сол жылдың 5 желтоқсанында Қызылорда қаласының тұрғыны осы кісі өліміне күдікті деп танылды.

Бой тасалап қашып кеткен қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған еді. Оған қатысты сот “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Құқық қорғау органдары қажетті арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері іздестіріліп жүрген күдіктіні облыс орталығында, таңертең туыстарының жеке үйінде ұстады.

Ұсталған кезде ол тағы да қашып кетуге тырысып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру