Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай үстел теннисі турнирін өткізді

Алматы полициясы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай үстел теннисі турнирін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда бұқаралық спорт түрінен “RYH-MARAFON” қалалық спартакиадасының төртінші кезеңі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және нашақорлықпен күресу айына арналған.

Сайысты ұйымдастырушылар: Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры және Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасы.

– Үстел теннисі турниріне 13-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты, әр командада үш адамнан болды. Бірінші орынды “Өрнек” демалыс орталығы иеленді. Екінші орын “Барыс” демалыс орталығына, ал құрметті үшінші орынға “Жұлдыз” демалыс орталығы ие болды. Жеңімпаздарға медальдар мен естелік дипломдар табысталды. Турнир ашық ауада санитарлық нормалар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып өткізілгенін атап өткім келеді, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру