Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам ломбардтан төрт алтын алқаны ұрлап кетті

Қарағандыда ер адам ломбардтан төрт алтын алқаны ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қаладағы ломбардтардың бірінің өкілі хабарласқан. Ол полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу ломбардта отырып, бағасы 565 мың теңге болатын төрт алтын алқаны ұрлап кеткені туралы арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері аталған қылмыстық істі ашу барысында ломбардта орналасқан бейнебақылау камераларының бейнежазбаларына тексеру жұмыстарын жүргізіп, қылмыс жасады деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 38 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

17 маусым күні криминалдық полиция қызмектерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру