Ақтөбеде жүргізуші екі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Ақтөбеде жүргізуші екі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
29 қыркүйекте шамамен сағат 21:40-та белгісіз жүргізуші Тәуелсіздік даңғылымен жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігін кесіп өткен 8 және 9 жастағы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, жол- көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен.
Нәтижесінде оқушылар Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимациялық бөлімшесіне жатқызылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-ніңң 345-бабы 2-бөлігімен (Жол ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақпаратқа ие барлық адамдардан 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.