Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көліктен 20 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған күдікті ұсталды

Атырауда көліктен 20 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Таңғы сағат 07:20 шамасында 45 жастағы азамат 102 операторына Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында тұрған DAF ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге каражаты салынған сөмкесін белгісіз адамның жасырын жымқырып, окиға орнынан бой тасалағанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары дереу күдікті көлікті анықтап Мақат ауданының полиция кызметкерлеріне бағыттама берген Geely GC 7 автокөлігі тоқтатылып, 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Мақат ауданының Полиция бөлімі ҚК-тің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру