Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде 10 сотталған заңды некеге тұрды

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде 10 сотталған заңды некеге тұрды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде сотталған азаматтардың әлеуметтік байланысын нығайту және отбасылық құндылықтарды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осы жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда 10 сотталған азамат өздерінің таңдаған жұптарымен заңды түрде некесін қидырды. Некені тіркеу рәсімдері уәкілетті органдардың қатысуымен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.

Қызметкерлердің айтуынша, отбасын құру сотталғандардың түзелу процесіне оң әсер етіп, олардың жауапкершілік сезімін арттыруға және болашаққа деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай қадамдар жазасын өтеушілердің қоғамға қайта бейімделуіне және бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Некеге тұрған сотталғандардың бірі өз пікірінде бұл оқиғаны өміріндегі маңызды кезең ретінде атап өтті:

- Бүгінгі күн мен үшін ерекше. Заңды некеге тұру арқылы мен өз отбасымның алдында жауапкершілігімді сезіндім. Болашақта бостандыққа шыққан соң, адал еңбек етіп, отбасымды бақытты етуге тырысамын, – деді ол.

ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру