Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жарты миллион теңгенің мопедін айдап кеткен жасөспірім ұсталды

Қарағандыда жарты миллион теңгенің мопедін айдап кеткен жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының аулаларының бірінде белгісіз адам қолайлы сәтті пайдаланып, қараусыз қалған мопедті айдап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, екі дөңгелекті көлік құралының құны 500 мың теңге тұрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы қалада тұратын 14 жастағы жасөспірім болып шықты.
Жасөспірім өз кінәсін толық мойындады, ал ұрланған мопед заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды, әсіресе жаз мезгілінде, қырағылық танытуға шақырады. Қарапайым сақтық шараларын сақтау – сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігінің кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру