Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан офицерлері алғаш рет қызметтік қарым-қатынас мәдениеті бойынша курстан өтті

Ұлттық ұлан офицерлері алғаш рет қызметтік қарым-қатынас мәдениеті бойынша курстан өтті,  — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының базасында қызметтік әдеп пен коммуникация тақырыбында алғаш рет біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Оқу процесі бір аптаға созылды. Іс-шара офицерлік құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіруге және халықпен тиімді өзара іс-қимыл орнатуға бағытталды.

Курсқа Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарынан келген офицерлер қатысты. Бағдарламада қызметтік әдеп, заманауи коммуникация мәдениеті, қоғамдық тәртіпті сақтау кезіндегі мінез-құлық стандарттары, сондай-ақ құқықтық негіздер қамтылды. Сонымен қатар “Заң мен тәртіп” қағидатына ерекше мән берілді.

Оқу бағдарламасы аясында дәрістер, тәжірибелік сабақтар және пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

Курсқа арнайы 12 спикер тартылып, 20-дан астам әскери қызметші білім алды. Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов пен ҚР ІІМ Академиясының бастығы Жанат Дильбарханова сертификаттар табыс етті.

Аталған курс әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және қоғаммен өзара іс-қимыл сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру