Қарағандыда ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Қарағандыда сауда орталықтарының бірінде ұрлық болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі бутиктердің бірінен қымбат ноутбук ұрланған. Алдын ала мәлімет бойынша 29 жастағы дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 196 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлерінің қырағылы мен үйлесімді іс-әрекеттері күдіктінің ізіне түсіп, оны теміржол вокзалында қолға түсіруге мүмкіндік берді. Анықталғандай, 24 жастағы елорда тұрғыны қашып үлгермек болған.
Полицейлердің жедел іс-қимылының нәтижесінде ноутбук заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
