Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталғандар мектеп мұғалімдерін құттықтады

Павлодарда сотталғандар мектеп мұғалімдерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек Мұғалімдер күні мен техникалық және кәсіптік білім беру күнін мерекелеу қарсаңында “ҚР ІІМ ҚАЖК № 46 мекемесі” РММ бастығы Ербол Шарипов техникалық колледж КМҚК инженерлік-педагогикалық құрамын және мекеме жанындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін құттықтады.

Сондай-ақ, мұғалімдерді колледж студенттері мен мектеп оқушылары құттықтап, алғыс ретінде өз қолдарымен жасалған торт ұсынды.

– Құрметті ұстаздарымыз сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сізге ақылды және тәртіпті оқушылар, денсаулық, қуаныш және барлық өмірлік игіліктер тілеймін. Еңбегіңіз үшін шыдамдылық пен түсіністік үшін рақмет, – деп қосты Ербол Жасқайратұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру