Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында Mazda-626 автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі 12-ықшам аудандағы 25-үйдің ауласында келе жатып, кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 жастағы бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

- Жүргізушілер, балалар жол қозғалысының ең күтпеген қатысушылары екенін естен шығармаңыздар. Әсіресе балаларға арналған ойын-сауық кешендерінің жанында, аула аумақтарында және "Балалар" белгісі белгіленген орындарда абай болыңыздар, - деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру