Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген алаяқ екі қызды алдап кетті

Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген алаяқ екі қызды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы ПБ №2 қалалық полиция бөліміне Петропавловка ауылының 23 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызбен  жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, 2020 жылдың қараша айында белгісіз адам жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсету сылтауымен 150 мың теңге көлемінде ақшасын иемденген. Ол алаяққа банктің мобильді қосымшасы арқылы ақша аударған. Кейін алаяқ арызданушымен хабарласпай, із-түссіз кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді, нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Тергеу барысында ер адамның бұрын Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғынына осындай көмек көрсетемін деп, алаяқтық жолмен 80 мың теңгені иемденгені анықталды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Бюджетті сақтау үшін бейтаныс адамдарға ешқашан ақша аудармаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру