Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші мас әйел изоляторға қамалды

Ақтөбеде жүргізуші мас әйел изоляторға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусымда Ақтөбе қаласындағы Бейбітшілік даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 48 жастағы әйелдің басқаруындағы Lada Granta автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып, жүргізілген сараптама әйелдің мас күйде екенін көрсетті. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Әйел Ақтөбе қаласының УҰИ-на қамалды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 78 мас жүргізушіні анықтады, оның бесеуі әйел. Мас жүргізушілердің қатысуымен алты ЖКО орын алды, онда бір адам қаза тауып, алты адам жарақат алды.

Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, мас жүргізушінің көлік жүргізуі – бұл аса қауіпті жағдай. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Алайда тұрақты күреске қарамастан, автомобиль көлігінде маскүнемдік әлі де шешілмеген мәселе болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру