Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 15 жастағы жасөспірім аттан құлап, суға батып кетті

Павлодар облысында 15 жастағы жасөспірім аттан құлап, суға батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 29 маусымда сағат 21:13-те Баянауыл ауданының полициясына ауылдық округ әкімінен жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түсті.

– Сағат 21:00-де 15 жастағы кәмелетке толмаған Жаңатілек ауылынан бес шақырым жердегі Ащысу өзенінде сыныптастарымен бірге атқа мініп, серуендегені анықталды. Жылқыны суармақшы болған бала аттан құлап, суға батып кетті. Ал жылқы жағаға шығып кеткен. Сыныптастары ересек адамдарды көмекке шақырды. Өкінішке орай, жүгіріп келген әкесі ұлына көмек көрсете алмады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жазғы кезеңнің басынан бастап Павлодар облысының су айдындарында үш кәмелетке толмаған бала суға батып кеткені туралы айта кету керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру