Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі «Қауіпсіз жол»: бір күнде жол қозғалысы саласында 549 бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында бір күнде жол қозғалысы саласында 549 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жүргізушілер арасында жол-көлік тәртібінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 18-20 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін 100 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде көлік құралдарын басқарудың тоғыз фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың бес дерегі, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде басымдық бермегені үшін 29 жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 86 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бағдаршамның тыйым салатын сигналына 13 өту фактісі анықталды.

Сондай-ақ, осы жедел алдын алу іс-шарасы аясында мотоцикл құралдарының жүргізушілері, соның ішінде квадроциклдер, мопедтер, сондай-ақ самокаттар жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға ерекше назар аударады.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру