Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақташының жауапкершілігі арқасында жоғалған мал иесіне қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мен қырағы бақташы ауыл тұрғындарына жоғалған жылқыларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада Есіл ауданының Бұлақ ауылынан бақташы қаңғырып жүрген екі жылқыны байқаған, оларды өз табынына қосып, кешіктірмей тауып алған жылқылары жайлы учаскелік полиция инспекторына хабарлап, иесі анықталғанша оларды бақылауда ұстаған. Жылқылар жайлы бағыт-бағдар ауданға таратылған, келесі күні иесі табылған. Бақташының жауапкершілігі арқасында жоғалған мал иесіне қайтарылды.

– Қаңғырып жүрген мал қылмыскерлердің “олжасына” айналып қана қоймай, ол мүліктің зақымдануына немесе жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов. — Полиция қызметкерлері облыста мал бағу ережелері қабылданар алдында түсіндіру жұмысын жүргізді, сондықтан да, жалпы халық қабылданатын шараларға түсіністікпен қарайды. Еркін жайылыммен күрес – “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аса көңіл бөлінетін жұмыс бағытының бірі. Іс-шара өткен үш күнде бұрын жасалған бес мал ұрлығы ашылды, оның ішінде Айыртау ауданында 2008 жылы жасалған сиыр ұрлау фактісі.

Сонымен қатар, іс-шара аясында ет өнімдерін сататын сауда нүктелері, ет және мал тасымалдайтын жүргізушілер тексерілді. Үш күнде 60 астам автокөлік тексерілді, бес тасымалдаушыда ілеспе құжаттары болмаған, – әр жағдайда полицейлер еттің алынған орнын анықтауларына тура келген. Облыс бойынша барлығы ет тасымалдау және өткізу кезінде ветеринариялық талаптарды бұзудың 13 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру