Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбенің тергеу изоляторында сотталғандар мен ҰААТ өкілдері онлайн кездесті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты барлық мекемелерде карантинге байланысты шектеу қойылса да, КА-168/1 мекемесінің айыпталушылары мен жазасын өтеуші сотталғандар өңірдегі Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерімен скайп арқылы жүздесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Аталған ұйым мүшелеріне жеке сұрақтары бар: онлайн-кездесуге қатысқысы келетін айыпталушылар мен жазасын өтеушілердің тізімі оларға алдын ала берілген. Осылайша, жабық мекемеде cотталғандар мен Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Гүлнұр Едігеева және аталған ұйымның мүшесі Ирина Гольцвартпен кездесу кезінде түзеу мекемесіндегі тамақтану сапасы, сотталғандарды тұрмыстық қамтамасыз ету және жазасын өтеушілердің мекемеде ұсталу жағдайлары туралы сұхбат-диалог орнады.

– Іс-шара еліміздегі карантинге қатысты қойылған шектеулерге байланысты ұйымдастырылды. Яғни, шараның мақсаты – осындай шектеулерге қарамастан, Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерін сотталғандармен қашықтықтан: онлайн байланысқа шығарып, олардың шағымдарын тыңдауға мүмкіндік туғызу.

Онлайн-кездесу өз деңгейінде өтті. Жазасын өтеушілер ұйым мүшелеріне өздерін толғандырған сауалдарды қойып, тиісті жауаптарын алды. Аталған іс-шара басқа да мекемелерде жалғасын табатын болады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жөніндегі бас маманы Руслан Тулегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру