Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде сотталған жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде сотталған жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде мекеме бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасары Асқар Құбайдуллин, РМК «Еңбек- Жайық» филиалының директоры Ерлан Байбек және түзеу мекемесінің өндірістік аумағында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес отырысы өтті.

№8 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлім бастығы Жеңіс Сариннің айтуынша, өзекті мәселелер талқыланған кеңес отырысының мақсаты – түзеу мекемесі аумағындағы өндірістік аумақта жұмыс жасайтын сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Басқосудағы басты мәселені талқылай келе оған қатысушылар өндірістік аумақта жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сотталған жұмысшыларды бақылауды қамтамасыз ететін бригадирлер және шеберлердің жұмыс орнында болуын бiрлесiп жүзеге асыру қажет деген шешімге келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру