Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлердің балалары ата-аналарының жұмысымен танысты

Қостанай облысы ПД Анықтау басқармасы қызметкерлерінің балаларына экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің балалары мұражай және Жедел басқару орталығында болды. Азаматтардың қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейтін Жедел басқару орталығында қызықты экскурсия өтті. Бұл жерде бейнебақылау арқылы операторлар қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтайды.

– Мұнда бүкіл қала алақандағыдай болып көрінеді. Мен тіпті өз үйімді көрдім. Сонымен қатар біз мұражайға да бардық. Онда әртүрлі қаруларды, қызметтік иттерді көрдім. Маған қатты ұнады. Анам сияқты полиция қызметкері болуды армандаймын, – дейді Дамир Молдабаев.

Мұражай сақтаушысы Таңатқан Делмұхамбетов ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы туралы айтып, түрлі экспонаттармен таныстырды. Кішкентай қонақтар әртүрлі уақыттағы қару-жарақ, техника және форма киімдерін үлкен қызығушылықпен тамашалады. Кездесу соңында балалар мұражай мен ЖБО қызметкерлеріне қызықты әрі танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру