Ақтөбедегі түзеу мекемесінде жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Ақтөбедегі №8 түзеу мекемесінің жеке құрамына жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Мақатов және жеке құрамның қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Қуанышбек Серікжановпен кездесу өтті.
Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа жол бергендер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын жеке құрамға түсіндірген Қуанышбек Серікжанов әртүрлі мысалдар келтірді. Мәселен, оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамға пара алудың және келтірілген шығын бойынша сыйақы мөлшерінен 4 мың АЕК-ге дейін беріледі.
Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Қуанышбек Серікжанов Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алатынын жеткізді.
Айта кету керек, аталған кездесуді өткізудегі мақсат – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау.