Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғынын тонап кеткен екі күдікті қолға түсті

Қызылорда тұрғынын қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алған екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының “102” жедел арнасына қала тұрғыны хабарлама берген. Тұрғынның айтуынша, түнде үйінің жанында белгісіз біреулер оны қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алған.

Хабарлама бойынша дереу қала аумағында орын алып жатқан қылмыс туралы  патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар берілді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде “ізін суытпай” екі қала тұрғыны ұсталды. Олардың әрекеттері Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Айғақ заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері  жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру