Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік алаяққа қатысты тергеу жүргізілуде

Ақтөбелік полицейлер автокөліктерді армян тіркеуімен қайта рәсімдеуге қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 2 қаңтарда полицияға 29 жастағы қала тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арыз берген. Атап айтқанда, Сәңкібай батыр даңғылы көшесіндегі кафенің жанында 40 жастағы ер адам автокөлікті армян тіркеуінен қазақ тіркеуіне қайта ресімдеу сылтауымен жәбірленушінің 450 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген. Күдікті ұсталды.

Аталған факті «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, қайта тексеру және қырағылық таныту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру