Шымкенттік полицейлер көп балалы жанұяға көмек көрсетті
Шымкенттік полицейлер жеті балалы жанұяға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көп балалы отбасыға қайырымдылық көмек берді. Самал 3-мөлтек ауданының тұрғыны Раушан Бектұрсынова – жеті баланың анасы. Өзінің айтуынша, қаладағы мекемелердің бірінде жалдамалы жұмысшы болып еңбек етеді. Дегенмен бір жалақы күнделікті тұрмыс-тіршіліктен артылмайды дейді. Тәртіп сақшылары жаңа жыл мерекесімен құттықтау мақсатында аталған отбасыға арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді.
– «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Абай ауданы Полиция басқармасына алғыс білдіргім келеді. Көп балалы анамын. Әлеуметтік көмек көрсетіп, азық-түлікпен жәрдемдескендеріңізге көп рахмет. Істеріңіз табысты болсын, – деді Раушан Қасымбекқызы.