Ақтөбелік полицейлер 88 жастағы шетелдік зейнеткерге құжаттарын рәсімдеуге көмектесті
Ақтөбелік полицейлер 88 жастағы шетелдік зейнеткерге құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлеріне риза болған германиялық зейнеткер толқығанынан көзіне жас алды. 88 жастағы зейнеткер өзінің денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты Германиядан Ақтөбе қаласында тұратын ұлының қасына тұрақты тұруға келген. Зейнеткердің уақытша визасының мерзімі өткеннен кейін, ол тиісті құжаттардың болмауынан елде тұрақты тұруға рұқсатты рәсімдей алмаған. Алматы қаласындағы Германия өкілдігі бұл сұрақпен зейнеткердің өзі Германияға сұраныс беру керектігін түсіндірген.
Осыдан кейін зейнеткердің баласы Ақтөбе қаласындағы көші-қон полициясына жүгінген. Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мәселеге бірден ден қойып, оған барлығын аса мұқият түсіндіріп берген. Зейнеткердің денсаулық жағдайына байланысты полиция мекемесіне келе алмайтынын білген көші-қон полициясының қызметкерлері зейнеткердің үйіне барып, тез әрі кәсіби түрде жаңа визаны рәсімдеуге көмектескен.
– Анам полицейлерге қатты риза болды, тіпті көзіне жас алды. Олар өте ұқыпты, жылдам және нақты әрекет етті. Сіздердің еңбектеріңіз үшін үлкен рақмет. Өзімнің атымнан және анамның атынан сіздердің еңбектеріңіз бен көмектеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деді зейнеткердің баласы.
Ақтөбе облысы ПД тұрғындарды өздерінің көші-қон сұрақтары бойынша Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы 143А мекенжайы бойынша орналасқан көші-қон қызметіне келуге немесе 55-80-68, 55-80-65 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болатынын еске салады.