Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі сотталғандар шағын футболдан сынға түсті

Қызылордада пробациялық бақылау белгіленген сотталғандар шағын футболдан сынға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 тамызда “Байқоңыр болашағы” Ресей мекемесінің спорт алаңында Байқоңыр қалалық пробация қызметі және “Жастар ресурстық орталығы” Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен шағын футболдан жарыс өткізілді.

Шараның мақсаты – пробация есебіндегі жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру. Спорттық шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.

– Бүгінгі спорттық шараға 20-дан астам сотталған азамат қатысты. Есептегі тұлғалармен спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы А.Танбаев.

– Бүгінгі спорттық ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Негізі өзім спорттық шараларға белсене қатысамын. Футболды мектеп жасынан ойнаймын. Бүгінгі жарыста командамыз белсенділік танытып, бірінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға алғысым зор, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру