Ақтөбелік полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады
Ақтөбелік полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 тамызда №1 қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арыз берді. Арызданушы полицейлерге оның танысы Ваз-2114 маркалы автокөлікті тиімді бағамен сатып алуға көмегін ұсынғанын түсіндірді. Жәбірленуші қаскүнемге көлік құралын сатып алуға 291 мың теңге сомасында ақша қаражатын берген. Алайда ер адам өзіне алған міндеттемелерін орындамай, байланысын үзген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде құқықтық тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басы мен тұрған жерін анықтады. Полицейлер 23 жастағы ақтөбелікті ұстап, одан әрі тексеру үшін полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігінде көзделген (Алаяқтық) қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.