Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте сауда орталығында тұрғыннан телефон ұрлап кеткен тараздық анықталды

Шымкентте сауда орталығында тұрғыннан телефон ұрлап кеткен тараздық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 17 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында сауда орталығында өзіне тиесілі құны 140 000 теңге тұратын “OPPO A74” маркалы ұялы телефонын белгісіз жағдайда ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру