Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады

Ақтөбелік полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 мамырында таңғы сағат 06:00-де патрульдік полиция қызметкерлері Арынов көшесінде 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ниссан Фуга» автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіден құжаттарды тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шықты, жүргізілген сараптама жүргізушінің «орташа» мас күйінде екенін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

– Өткен жылдың қаңтар айынан бастап қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді, онда мас күйінде жасалған құқық бұзушылардың жауапкершілігі күшейтілді. Егер бұрын осыған ұқсас қоғамдық жұмыстарға тартылса, қазір құқық бұзушылар қоғамнан оқшаулаумен, өмір бойы құқығынан айырумен байланысты «нақты мерзім» алады. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының полициясы алдын алу шараларын қабылдауда. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар, сондай-ақ, олардың көлік құралдары туралы мәліметтер автоматтандырылған мәліметтер базасына енгізілді. Бұл дегеніміз, құқығынан айырылған жүргізушілер рульге отырғанда, оларды анықтап, дереу шаралар қабылдайды, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру