Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғынынан алаяқтықпен ақша алған адам анықталды

Шымкент тұрғынынан алаяқтықпен ақша алған адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 мамырында Қаратау АПБ-на “102” арқылы Шымкент қаласының 22 жасар тұрғыны арызданды. Ол өз арызында “OLX” әлеуметтік желісі арқылы белгісіз тұлға компьютерге арналған принтерді сатып аламын деп жалған айтып, алаяқтық жолмен есеп шотынан 78 мың теңге аударып алған.

Қаратау АПБ КПБ және УПИ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласының полицейлері жеке басына қатысты деректерді ешжерге жарияламауға, ешкімге бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру