Ақтөбелік полицейлер лотерея клубын тонаған күдіктіні қолға түсірді
Ақтөбелік полицейлер лотерея клубын тонаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбеде 10 мамыр күні лотерея клубтарының бірінде тонау дерегі орын алды.
30-35 жастағы ер адам кассир мен күзетшіні қорқытып, кассадан 550 мың теңгені алып, оқиға орнынан жасырынған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 27 жастағы күдікті ұсталып, ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес тергеу изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (Тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сотпен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бейнебақылау камералары қылмыстың дер кезінде алдын алуға көмегін тигізетінін айтады. Кей жағдайларда қылмыскерлер бейнебақылау камералары орнатылған жерлерді айналып өтуге тырысады.