Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Мәжіліс депутаты Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті

Шымкентте Мәжіліс депутаты Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің мүшесі Берік Бекжанов, Аманат партиясының Қаратау ауданы филиалының жауапты хатшысы Әбдез Рахманұлы және Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков пен жеке құрам қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу мәселесі талқыланып, жан-жақты түсіндіру жұмысы жүргізілді. Өз кезегінде Берік Бекжанов Президенттің референдум өткізудегі басты мақсатын атап өтті.

Бұған дейін билік өкілдерінің өзара мақұлдауымен қабылданған заң нормалары енді халықтың талқылауына түспек. Яғни, 5 маусымда азаматтардың дауыс беруі арқылы ҚР-ның Конституциясына бірқатар өзгертулер енгізіледі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үніне құлақ түріп, елдік пен жариялыққа басты назар аударып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, өзгертулерде:

– 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру;

– Президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және мемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу;

– Парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылғанын айтты.

– Ата Заңға жаңа өзгертулер енгізу заман талабы және күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Осы тұста азаматтардың белсенділік танытып, әділ Заң қабылдауға үлес қосуы әркімнің өз қолында, – деді Мәжіліс депутаты.

Жиын соңында жеке құрам қызметкерлері депутатқа өз сауалдарын жолдап, нақты жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру