Ақтөбелік полицейлер мотоциклді мас күйінде басқарған бес фактіні анықтады
Ақтөбе облысында 18–25 маусым аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында мотоцикл жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мотоцикл – бұл жылдам басқарылатн құрылғы болғандықтан жүргізуші де, жолаушы де сақтанбаған күйінде отырады. Мотоциклмен жол-көлік оқиғасына тап болмаудың басты қорғаны – бұл мотошлем. Жыл басынан бері облыста мотоциклдің қатысуымен бір жол-көлік оқиғасы орын алды.
Осылайша, мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 170 фактісі анықталды, оның ішінде:
* жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелеріне жауап бермейтін көлік құралын басқару – 21;
* мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін – 30;
* мотоциклді басқаруға құқығы жоқ – 32;
* мотоцикл құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін – бес;
* техникалық байқаудан өтпеген мотокөлік – 21;
* маневр жасау ережелерін бұзу – 10;
* жылдамдықты арттыру – жеті;
Айыппұл тұрағына 27 мотоцикл қойылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті екі дөңгелекті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.