Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер мотоциклді мас күйінде басқарған бес фактіні анықтады

Ақтөбе облысында 1825 маусым аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында мотоцикл жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мотоцикл бұл жылдам басқарылатн құрылғы болғандықтан жүргізуші де, жолаушы де сақтанбаған күйінде отырады. Мотоциклмен жол-көлік оқиғасына тап болмаудың басты қорғаны – бұл мотошлем. Жыл басынан бері облыста мотоциклдің қатысуымен бір жол-көлік оқиғасы орын алды.

Осылайша, мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 170 фактісі анықталды, оның ішінде:

* жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелеріне жауап бермейтін көлік құралын басқару – 21;

* мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін – 30;

* мотоциклді басқаруға құқығы жоқ – 32;

* мотоцикл құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін – бес;

* техникалық байқаудан өтпеген мотокөлік 21;

* маневр жасау ережелерін бұзу – 10;

* жылдамдықты арттыру – жеті;

Айыппұл тұрағына 27 мотоцикл қойылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті екі дөңгелекті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін  сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру