Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Ақтөбелік полицейлер үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жұртшылықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тыйым салатын қолданыстағы заң нормаларымен таныстыруда.

25 қарашада жыл сайынғы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталады.

Полиция қызметкерлері барлық тұрғындарға акцияға қосылуды және отбасындағы бейбітшілік пен тыныштық үшін бірге күресуді сұрайды.

Ақтөбе облысының полицейлері отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына Ақтөбе қаласының аумағындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы мамандардың төменде көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша кез-келген уақытта әлеуметтік-құқықтық көмек алу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.

Ақтөбе облысының ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторының байланыс телефоны  729-721;

Ақтөбе қаласы Әйелдерді қолдау орталығының байланыс телефоны 55-16-55;

Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арналған «Малика» дағдарыс орталығының байланыс телефондары  8707 986 34 60, 8705 835 12 30;

Өмірлік қиын жағдайда қалған қыздарға арналған «Ана үйі» дағдарыс орталығының байланыс телефоны  8-747-311-4045.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру