Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция департаментінің басшылығы шекаралық аумақты тексерді

Қостанай облысының ПД бастығы Бекет Аймағамбетов Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың орынбасары ретінде “Қайрақ” шекара бекетіне жақын орналасқан санитарлық бекеттің жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бекет арқылы елімізге таяу шетелдерден жүктер жеткізіледі. Сондықтан осы аймаққа ерекше назар аударылып отыр.

Мұнда күніне 300-ден астам жүк көлігінің жүргізушіcі ПТР сынамасын тапсырады. Мұндай жұмыс өзінің тиімділігін дәлелдеді, бір күнде мұнда ауру жұқтырудың  2-3 фактісі анықталады және вирус жұқтырғандарды оқшаулау бойынша шаралар қабылданады.

Бекет Аймағамбетов шекара маңындағы дәмханалар мен кемпингтерде мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

– Жол бойындағы дәмханаларда барлық карантиндік шаралардың сақталуын тексеру маңызды, өйткені вирустың таралуының алдын алуымыз керек. Мұнда вирусты анықтауға бағытталған тест тапсырып, әрі қарай жүретін қазақстандық жүргізушілер келеді. Егер олардың нәтижесі оң болса, онда  олар карантинге жіберілуі керек. Қырғызстан, Ресей сияқты  басқа елдердің жүргізушілері шекараға тестпен келуі тиіс, – деді Бекет Аймағамбетов.

ПД бастығы санитарлық бекеттің жабдықталуы, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі мәселесіне ерекше назар аударды.

Қарабалық ауданының әкімі Нұржан Өтегенов хабарлағандай, аумақта 13 ауылдық округ орналасқан, олардың кейбіреулері Ресей Федерациясының Челябинск облысының үш ауданымен шектеседі.

– Қазіргі уақытта Смирнов ауылында бірнеше отбасы ауырып жатыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдануда. 10 қарашадағы жағдай бойынша ауданда 12 науқас бар, – деді Н.Өтегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру