Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер қалта ұрысын ұстады

Ақтөбелік полицейлер қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбеде 43 жастағы жергілікті тұрғын қалта ұрысының құрбаны болды. Арызданушының айтуынша, қылмыс қоғамдық автобуста жасалған. Күдікті автобуста көп адам болғанын пайдаланып, арызданушынын күртешесінің қалтасынан банк картасын ұрлап кеткен.

Өтініш келіп түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді, қабылданған шаралардың нәтижесінде 27 жастағы жігіт ұсталды. Күдікті ұрланған картамен әр түрлі дүкендерден зат сатып алған.

Осы факті бойынша ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

– Сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз мүлкіңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаңыз. Ең бастысы, әмиянды, кілттерді немесе басқада құнды заттарды сыртқы қалталарға және басқа оңай қол жетімді жерлерге салмаңыз, – деп ескертеді Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру