Ақтөбелік полицейлер «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады
Ақтөбелік полицейлер «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеру мақсатында 2-15 ақпан аралығында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 17 дана атыс қаруы, оның ішінде ойық қару – 1, тегіс ұңғылы қару – 14, бір газды қару, бір электрлі қару және екі тегіс ұңғылы қарудың патрондары алынды.
Тіркелген атыс қаруы иелерінің тұрғылықты жері бойынша полиция қызметкерлері 700-ден астам азаматты тексерді.
Тексеру нәтижесінде 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 19, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 179 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 95.
Сондай-ақ, аудандық бөлімше қызметкерлері шаруа қожалықтарында атыс қаруын заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізді.